Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ұжым мен оқушылар құрметті ұстазды лайықты марапатымен құттықтады

25-10-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған Семейлік Алма Шүкежанова бүгін Астана қаласынан марапатымен оралды.

Қадірлі ұстазды Білім басқармасының өкілдері және мектеп ұжымы, шәкірттері зор ықыласпен күтіп алды. Үлкен өмірге талай шәкірттерді шыңдаған, жанға шабыт бітіріп, қаламға қанат байлатқан ұстаз еңбегі үлкен марапатпен өлшенгеніне педагог ұжымының алғысы шексіз.

Алма Сайдахметовна №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 51 жыл бойы үздіксіз ұстаздық қызметін атқарып келеді.

Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маманға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив