Аягөз қаласындағы өрт жағдайы бойынша облыс әкімдігінің хабарламасы
2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды.
Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.
Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.
Жағдай ЖАО бақылауында.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыПавлодар облысының өрт сөндірушілері өрт кезінде 20 адамды құтқардыТүркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылдыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыҚазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда