Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Павлодар облысының өрт сөндірушілері өрт кезінде 20 адамды құтқарды

19-02-2023, 13:09 Думан Кенжеғазыұлы

Өрттің негізгі себептерінің бірі неде? Бұл: пәтерде темекі шегу, пеш үстінде қалған тамақ, электр сымдарының ақаулығы.

2023 жылғы 19 ақпанда сағат 9.59-да Павлодар облысы ТЖД «101» операторының пультіне Екібастұз қаласы Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт болғаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабаттағы пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында автосатының, «Respihood» құтқару қалпақшасының көмегімен және баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді.

Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 10.21-де оқшауланып, сағат 10.34-те сөндірілді. Қаза тапқандар  мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға кеңес береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив