Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Орталық Азияның климаттық саясатының мәселелері Самарқандта талқыланды

26-10-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

24 қазанда Самарқандта (Өзбекстан) С5+1 өңірлік дипломатиялық платформасының қолдауымен АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің әкімшісі мен Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан Республикасы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

Өңірлік интеграция бойынша C5+1 министрлерінің кездесуі барысында өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды.

Бірінші меморандум Климаттық саясатты тиімді ілгерілету және Орталық Азия елдерінде тұрақты энергетикаға көшуді жеделдететін инвестицияларға жәрдемдесу үшін негіздеме белгілейді. Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес осы құжаттың әрекеттері өңірдегі көміртегі шығарындыларын азайту стратегияларын айырбастауға және іске асыруға, сондай-ақ бүкіл өңір ауқымында Орталық Азия елдерінде электр энергиясын өндіруді неғұрлым тиімді пайдалану үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталатын болады.

Сонымен қатар, C5+1 форматында министрлер климаттық дағдарысты еңсеру бойынша ұжымдық және елдік міндеттемелерді ілгерілету, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, метан бойынша Жаһандық міндеттемеде көрсетілген іс-қимылдар және «жасыл» экономиканы дамыту мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив