Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

KazAID және ЮНИСЕФ дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

27-10-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі және ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсесі балалардың құқықтары саласындағы серіктестікті одан әрі кеңейту үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін бастамаларға деген айнымастықты және оларға қолдау көрсетуді растайды. Қол қою рәсіміне «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов және ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсесі директорының орынбасары Октавиан Бивол қатысты.

Келісім шеңберінде ЮНИСЕФ пен KazAID сапалы инклюзивті білім беруде және цифрлық оқытуда, балалар кедейшілігін азайтуда және климат өзгерісі салдарын жеңілдетуде және оларға бейімделуде қолдау көрсете отырып, балалардың құқықтарын қорғауға, Орталық Азия елдерін даму мақсатында көрсетілетін көмекке қатыстыруға және 2030 жылға қарай орнықты даму мақсаттарына сәйкес міндеттемелерін орындауға көмек көрметеді.

Ынтымақтастық балалар мен жастардың ең игі мүдделері үшін елеулі жетістіктерге қол жеткізу мақсатында күш біріктіру арқылы серіктестік тұрғысынан мүмкіндіктер тудырады.

«KazAID балалар мен жастардың дамуына жағдай жасауға, білім сапасын арттыруға және денсаулығын нығайтуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға мүдделі», – деп атап өтті А .Арыстанов.

«Балалардың құқықтарын қорғау, балалар мен отбасылар үшін тұрақты нәтижелерге қол жеткізу ынтымақтастық пен айнымас серіктестікті талап етеді. Біз Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі балалардың өмірін жақсарту бойынша KazAID-пен жұмысты жалғастыруға қуаныштымыз», – деп атап өтті О. Бивол.

Анықтама: БҰҰ Балалар Қоры (United Nations International Children's Emergency Fund) – балалар мен жастардың құқықтары мен аман-саулығын қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін халықаралық ұйым.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив