Астанада жастарды әлеуметтендіру форумы өтіп жатыр
Еуразия ұлттық университетінде ЖОО проректорларының, ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі өкілдерінің, студенттердің қатысуымен жастарды әлеуметтендіру бойынша форум өтіп жатыр. Іс-шара еліміздегі жоғары білім мен ғылымның өзекті мәселелеріне арналған.
Форум жұмысын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты. Ол білім берудің қолжетімділігі, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы, инклюзивті білім беру, жоғары білім беруді интернационалдандыру, цифрландыру тақырыптарына тоқталды.
Министрліктің негізгі бағыттарының бірі жоғары білімге қолжетімділікті сақтау болып табылады.
Министр студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесіне де тоқталды. Бұл мәселені шешу үшін құрылыс салушылар үшін мемлекеттік тапсырыс шарттары қайта қарастырылды.
Саясат Нұрбек ғылымның дамуына тоқтала келіп, университеттерге назар аударды және ашық ғылым моделіне көшу жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, форумға қатысушылар жастарды қолдау, инклюзивті білім беру және оның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-да қолжетімділігі, білім алушылардың психикалық денсаулығын қорғау, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын кеңейту қажеттілігі және т.б. мәселелерді талқылады.