Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Қазақстан Елшісі Лихтенштейннің Мұрагер ханзадасына сенім грамоталарын тапсырды

1-11-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Княздігіндегі қоса атқарушы Елшісі Қайрат Саржанов Алоиз Филипп Мария фон унд цу Лихтенштейн Мұрагер ханзадасына сенім грамоталарын тапсырды.

Вадуц сарайындағы салтанатты рәсімі барысында қазақстандық дипломат Мұрагер Ханзадаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіздерін жеткізіп, қазақстандық тараптың Лихтенштейнмен өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үрдістері туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Мұрагер Ханзада Лихтенштейннің екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге дайындығын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына алға қойылған мақсаттарды іске асыруда табыс тіледі.

Лихтенштейннің Сыртқы істер министрі Доминик Хазлермен жеке кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, дамуға ресми көмек көрсету жөніндегі ұлттық агенттіктер арасында байланыс орнату мүмкіндігін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив