Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Алма Шүкежанова облыстың мақтанышы

1-11-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған Алма Шүкежанованы арнайы қабылдап, қадірлі ұстазды мемлекеттік марапатымен құттықтады.

Нұрлан Ұранхаев үлкен өмірге талай шәкірттерді шыңдаған, жанға шабыт бітіріп, қаламға қанат байлатқан ұстаз еңбегі өлшеусіз екенін атап өтіп, 51 жыл бойы үздіксіз ұстаздық қызметін атқарып келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

Алма Шүкежанова Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап, осы уақытқа дейін математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Еске салсақ, Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маманға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив