Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Semey Engineering» – Шәкәрім университетінің стратегиялық серіктесі

2-11-2023, 10:54 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков бастаған делегация «Semey Engineering» акционерлік қоғамына жұмыс сапарымен барып қайтты. Әлеуметтік серіктес «Семей Инжиниринг» - бронды танк техникасын күрделі жөндеу желісі бар өңірдегі жалғыз кәсіпорын. Өз тарихын Орта Азия аймағындағы жалғыз бронды жөндеу зауыты 1976 жылы 2 шілдеде бастады.

Шәкәрім университеті мен «Семей Инжиниринг» арасындағы жемісті ынтымақтастық жиырма жылдан астам уақытты құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорнында білім ордасының «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасының оқу-өндірістік филиалы жұмыс істейді. Аталған кәсіпорын қорғаныс және азаматтық мақсаттағы өнімдерді әзірлеумен, өндірумен, жөндеумен, қызмет көрсетумен және өткізумен айналысады.

Білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесі өз сапасын арттыратындығы сөзсіз. Осы ретте, кәсіпорын қызметкерлері «Машина жасау» білім беру бағдарламасының студенттерін дуалды оқытуда. Бұл мүмкіндік екі жақты меморандум аясында жүргізілді.

Сапар барысында бас директор Талғат Тұрлыбаев кәсіпорынның атқарып жатқан ауқымды жобаларымен, өндірістік процестің кезеңдерімен таныстыру жүргізді. Талғат Тохтарханұлының айтуынша, кәсіпорында инженерлік мамандықтар кадрларының, IT және машина жасау мамандарының тапшылығы фактісі бар. Кәсіпорын басшылығы бұл мәселені Шәкәрім университетінің түлектерін жұмысқа қабылдау арқылы шешуге ниетті.

Өз кезегінде Басқарма төрағасы Думан Орынбеков Шәкәрім университетінде ақылы негізде үшжақты шарт негізінде кәсіпорын қызметкерлерінің балаларын немесе қызметкерлердің өздерін қашықтықтан оқыту мүмкіндігі мен зауыт мамандарын магистратурада оқытуға болатындығын тілге тиек етті.

Тараптар кадрларды даярлау, білім беру бағдарламаларын келісу, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары шеңберінде қолданбалы сипаттағы бірлескен ғылыми зерттеулерді бірлесіп атқармақшы. Бұл өз кезегінде Абай өңірінде кадрлар тапшылығы, өндірістің дамуы сынды мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив