«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылықты жүргізу құқығындағы «Семей Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры – 1 бірлік.
«Семей Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мына мекенжайда орналасқан: 071400, Абай облысы Семей қаласы, Каржаубайұлы, 249, телефоны: 51-55-57.
Кәсіпорынның негізгі қызметі:
Кәсіпорын қызметінің мәні коммуналдық салада шаруашылық қызметін жүргізу болып табылады.
Кәсіпорын мақсаты Кәсіпорын жарғылық қызметі негізінде елді мекендерде тіршілік қамтамасыз ету болып табылады.
Қойған мақсатқа жету үшін Кәсіпорын сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласында қызмет жасайды.
Кәсіпорын қызмет мақсаттарына, Қазақстан Республикасының айқын шектеулі заңдарына немесе Құрылтай құжаттарына қарама-қайшы, не басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саласын уәкілетті органының және құрылтайшының, не прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін
Функционалдық міндеттері:қаржы-шаруашылық міндет, тиісті саланың уәкілеттіорганымен жеткізілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілуін қамтамасыз ету және кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін дербесжауаптылықта болады:
Дара басшылық қағидаларын әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген құзыретіне сәйкес Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді ;
Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда ұсынады ;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде Кәсіпорынның қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді :
Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді :
Еңбекті төлеу нысандарын,штаттық кестені, лауазымдық жалақылардың мөлшерін, кәсіпорын қызметкерлеріне өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтері қопағанда еңбекті төлеудің белгіленген шектерінде сыйақы төлеу және оларды басқадай марапаттау жүйесін бекітеді :
Өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;
Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары «Техникалық ғылымдар мен технологиялар. басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемі бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Көрсетілген лауазымға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарын, осы кәсіпорының қызметі аясындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті кәсіби білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы бекіткен Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сонымен бірге оның кандидатурасын келісу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің ресми басылымында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде, тезтікпеге салынған мына құжаттарды « Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Абай облысы , Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 45 , 2-кабинет, телефоны: 35-36-90) тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген түйіндеме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе соңғы жұмыс орнында жасалған еңбек шартының, немесе жұмысқа қабылдау және еңбек шартын доғару туралы бұйрықтардың үзінділерінің көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы бекіткен үлгі бойынша денсаулығының жай-күйі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың қолдау хаттарын және т.б.) тапсыра алады.
Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген үміткерлер, үміткерлерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хабарландырған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Абай облысы , Семей қаласы, Мәңгілік ел, 45 мекенжайында орналасқан « Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шарашылық бөлімі» ММ ғимаратында № 2 кабинетте әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (конкурс өткізетін жерге бару және қайту, пәтерде тұру және т. б.) азаматтар өз қаражаты есебінен төлейді.