Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

ҚР СІМ-де Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды

3-11-2023, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық Саммиті қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевті қабылдады.

Кездесу барысында Министр М.Нұртілеу Қазақстан Ұйымды құру бастамашысы ретінде түркі интеграциясы мәселесіне ерекше көңіл аударатындығын атап өтті. Мерейтойлық іс-шараны дайындау бойынша ТМҰ Хатшылығының жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат 2023-2024 жылдарға арналған Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығының тұжырымдамасы жөнінде баяндады.

Өз кезегінде, Бас хатшы К.Омуралиев ТМҰ-ның ағымдағы қызметі туралы айтып берді. Мерейтойлық форум Ұйым тарихының жарқын оқиғасы болатындығы туралы пікір білдірді. Келешектегі ТМҰ Төрағасы ретінде Қазақстанмен тығыз ынтымақтасуға дайындығын білдірді.

Сонымен қатар, тараптар саясат, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың даму преспективаларын талқылап, экономикалық байланыстарды күшейту қажет екеніне келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив