Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абайлық Сәрсембаевтар әулеті өз таңдаларын жасады

5-11-2023, 10:06 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылының тұрғындары Сәрсембаевтар жанұясы отбасы мүшелерімен №164 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады.

Әулеттің үлкені, ардагер ұстаз Серікқайша Көпжанқызы бүгінгі күні «Нұр-Сана» салт-дәстүр орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі болып табылады. Өзінің балалары, бауырлары және келіндерімен келіп дауыс берді.

«Бүгін Абай ауданы үшін ұлы күн. Өзіміздің басшымызды, аудан басшысын сайлауға келіп тұрмыз. Біз Абай ауданы сондай ұйымшыл ауданбыз. Сайлауымыз жақсы өтсін. Барлығымыз аман-есен болайық», - деді Серікқайша Көпжанқызы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив