Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Курчатов қаласының жаңа әкімі таныстырылды

7-11-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Курчатовта қала жұртшылығымен кездесу өтіп, онда Абай облысының әкімі сайлау нәтижесінде тұрғындар сайлаған жаңа әкімді таныстырды.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес және Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы сайлауының қорытындысы нәтижесінде қала әкімі болып Болат Таңсықбайұлы Әбдіралиев сайланды.

Еңбек жолын машинист болып бастаған Болат Әбдіралиев осы жылдар ішінде диспетчер, цех бастығының орынбасары, бірқатар кәсіпорындардың басшысы қызметін атқарды. Одан кейін «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының активтер бөлімінің меңгерушісі, Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

«Болат Таңсықбайұлы қысқа мерзімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Курчатовтың болашағы зор. Оның ғылыми әлеуетін Мемлекет басшысы лайықты түрде атап өтті. Қаланың дамып, азаматтардың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін бірлесе жұмыс істейтін боламыз», - деді өңір басшысы.

Кездесуде аймақ басшысы Курчатов қаласының жаңа әкімінің жұмысына табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив