Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

8 қарашада сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

7-11-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Депутаттар бірінші оқылымда бизнес жүргізу, қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді, екінші оқылымда экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қарайды.

Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Ресеймен келісімге өзгерістер енгізілген хаттамаға қатысты ратификациялық заң жобасы да қаралатын болады. 

Бұдан басқа, Палата комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олар – білім беру және тәлімгерлік, байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша түзетулер, сондай-ақ бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары.

Тікелей көрсетілімді parlam.kz ресми сайттан және Мәжілістің Facebook парақшасы мен YouTube арнасынан көріңіздер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив