Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Балаларды қолдау орталығына көмек көрсетілді

8-11-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылдың соңында Абай облысы әкімінің бастамасымен облыс орталығында алғаш қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Жиналған қаражаттың 10 млн теңгесі Семей қаласындағы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау» орталығына бағытталды. Бұл қаражатқа өндірістік электр плитасы, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машинасы сатып алынды.

Балаларды емдеу, оңалту, сондай-ақ дене және психикалық аурулардың алдын алу, сауықтыру мақсатында жаттығу терапиясы кабинетіне құрал-жабдықтар яғни, үш жүгіру жолы мен вестибулярлық әткеншектер сатып алынды, кілем жаңартылды. Орталықтың тәрбиеленушілері үшін арнайы кресло мен «MOSER-1400» шаш алғыш машинкасы бар шаштараз шеберханасы ашылды.

Бүгінде орталықта 7 жастан 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 бала бар. Арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған 10 оқу кабинетте 42 педагог-дефектолог жұмыс істейді.

Мекеменің басты қызметі – әлеуметтік оңалту және түзету, кәсіптік-еңбекке даярлық, медициналық, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, спорттық-сауықтыру технологиялары, шығармашылық қабілеттерін дамыту, баланың жеке басын тәрбиелеу, интернаттан кейінгі өзара әрекеттесуге бағытталған. Орталықта баланың жан-жақты дамуына арналған онға жуық шығармашылық, еңбек және спорттық бағыттағы үйірме мен секция жұмыс істейді. Атап айтқанда, қыз балаларға тігін тігу, тамақ әзірлеу, би сияқты үйірме болса, ер балалар қолөнер үйірмесіне қатыса алады.

Жақын уақытта «Қазақстан халқына» қорының қосымша қолдауының арқасында тағы 4 бөлмені заманауи жабдықтармен жаңарту жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив