Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында 45 830 тонна астық өңделді

8-11-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында жылдық қуаттылығы 180 мың тонна астық өңдейтін 7 лицензияланған кәсіпорын бар. Бүгінде бұл кәсіпорындар 45 830 тонна астықты өңдеген.

2023 жылдың басынан лицензиясы бар элеваторлар, астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындары арқылы бидай импортының жалпы көлемі 17 691 тоннаны құрады.

Сондай-ақ, шетелдік кәсіпорындармен 4 000 тонна бидай жеткізу туралы келісім жасалған. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның бағасын тұрақтандыру аясында 1 656 тонна азық-түлік астығы бөлінді.

Айта кетсек, ҚР сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес ел аумағына бидайды автомобиль және теміржол арқылы алып келуге тыйым салу мерзімі 6 айға ұзартылған. Сондай-ақ лицензиясы бар элеваторларға, астық өңдеу кәсіпорындарына және құс фабрикаларына бидай импортын қоспағанда, Қазақстанға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен теміржолмен бидай иморттауға тыйым салынды.

Осыған байланысты тұтынушылар бидайды жоғарыда аталған арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар арқылы ала алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив