Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейлік ұстаздар жүлдегер атанды

14-02-2023, 14:58 Думан Кенжеғазыұлы
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос ұстазы V Халықаралық «IMPACT Olympiad-2023» ашық шығармашылық байқауында жүлдегер атанды. 
 
Математика, физика және информатика пәндері  мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары арасында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия, Ресей және т.б мемлекеттерден 200- де астам ұстаздар қатысқан. Олимпиада барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. 
 
3 күндік байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин күміс медаль, информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Амежанов қола медаль жеңіп алды. 
 
Әріптесіміз Нұрғазы Сейітқазыұлы зияткерлік мектеп жүйесінде – 8, Жасұлан  Жасболатұлы 3 –ші жыл еңбек етуде. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив