Семейдегі мұз лабиринті қауіпсіздік мақсатында арнайы бұзылды
Семейде орталық алаңда салынған мұз лабиринті туралы көрінеу жалған ақпараттар желіде таратылуда.
Осыған байланысты одан ешкім зардап шекпеу үшін лабиринтты бұзу туралы шешім қабылданды.
Айта кету керек, мұз лабиринтінің құрылысына бюджеттен бір тиын қаржы жұмсалмаған, өйткені жоба жаңа облыстың дамуына қолдау білдірген жерлестерінің қаражатына салынған.
Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен 2022 жылдың жазында өңірде жерлестер форумы өтті. Облыс тұрғындары туған өлкесіне көмектесу туралы бастама көтерді. Олардың бірі Орталық алаңдағы қысқы қоғамдық кеңістікті тегін абаттандырды. Бұған дейін басқа жерлестер жылы аялдамалар салып, көпір маңындағы қоғамдық кеңістікті құрды. Кейбіреуі, балалар жұқпалы аурулар ауруханасына МРТ сатып алған болатын. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен саябақтарды абаттандыру жоспарлануда.