Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Абай облысының оқушылары ғылыми фестивальда грант иегері атанды

15-11-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

«Nxplorers: Gylymi saiahat» атты республикалық ғылым фестивалі өтті. Оған республиканың барлық аймағынан 85 команда қатысып, өз жобаларын ұсынды. Іріктелген 20 команда III кезеңде бақ сынасты.

Экология мәселесіне арналған ғылыми фестивальға Аягөз ауданындағы К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясының  8-сынып оқушылары Ерсұлтан Жаркенаев, Дәулет Құрманғожин, Меруерт Бейсен қатысып, грант иегері атанды. Жетекшілері: информатика пән мұғалімдері Ардак Туманбаева, Раушан Дюсембекова.

Облыс намысын қорғаған «Transformers» тобының көтерген мәселесі - қар және жаңбыр суларын тазартып, пайдалану. Жоба мақсаты - мектеп ауласында су резервуарларын қолданып, мектепті ауыз су және шаруашылық қызметке арналған сумен қамтамасыз ету. Оқушылар мектептің 3D моделін және қар күрейтін робот үлгісін ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив