Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 700 тексеру жүргізді
ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 700 тексеру жүргізіп, оның 340-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 360-ы жоспардан тыс тексерулер болды.
Мемлекеттік бақылаумен: жергілікті атқарушы органдардың 117 облыстық және аудандық бөлімдері, 176 мектеп, колледждер мен балабақшалар, 76 жұмыспен қамту басқармалары мен бөлімдері, 45 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, 26 дүкен, 22 сауда орталығы, 12 санаторий, 72 емхана, ауруханалар мен дәріхана, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, банктің 2 филиалы қамтылды, 4 Қазпошта бөлімшесі, 4 ЖШС, 4 спорт ұйымы, 5 кафе, 2 шаштараз және т. б. қамтылды.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар баланың ата-анасының өтініші негізінде «Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсыну мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді және әкімшілік айыппұл салынды.
Осы департамент Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпараттық құралдардың болмауы фактісі бойынша «Small» сауда объектілеріне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді, субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 9 айында 1 268 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 875 ұйғарым беріп, жалпы сомасы 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салды.