Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Параолимпиада спортшысына жарыстарға қатысу үшін арнайы арба табысталды

16-11-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында параолимпиадалық спорт түрі боччадан халықаралық жарысқа қатысу үшін іріктеу кезеңі өтеді.

Облыс атынан тұңғыш рет жарысқа Үржар ауданының тұрғыны Балжан  Бөлекбаева қатысады. Спортшының жаттықтырушылары Дулат Ғабитов және Бағлан Манабаев.

Жарысқа қатысу үшін оған арнайы спорттық арба, сонымен қатар 100 мың теңге ақшалай сертификат берілді. Әлеуметтік сала қызметкерлері де демеушілердің қолдауымен іссапар шығындарын өтеуге қаржылай көмек көрсетті.

Анықтама үшін: Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрамында мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 2 бөлімшесі жұмыс істейді, яғни 162 мүгедектігі бар жанға қызмет көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив