Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

«Сөз дода» шешендік өнер байқауы өтті

17-11-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

XVIII ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі, артынан өшпес мұра қалдырған Бұхар жырау Қалқаманұлының 330 жылдығына арналған шешендік өнер байқауы өтті.

Шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиет, шешендік өнер мұрасын насихаттау, сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл тазалығын сақтау және талантты, білімді жастарға қолдау көрсету.

Байқауға Шәкәрім университеті, Әлихан Бөкейхан университеті және М.О. Әуезов атындағы колледжінің студенттері қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша І орынды Әлихан Бөкейхан университетінің студенті Жұмаш Бейбарыс, ІІ орынды Мұхтар Әуезов атындағы колледж студенті Мұратбек Жібек, ІІІ орынды Шәкәрім университетінің студенті Арчин Дидар иеленді. 

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив