Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
450.79 482.21 5.05

Аягөзде көркемсөз оқу шеберлерінің «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» атты аудандық байқауы өтті

11-09-2023, 15:59 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылы 8 қыркүйекте Аягөз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес қаламызда көркемсөз оқу шеберлерінің «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» атты аудандық байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, талапты, талантты жастарды анықтау.

Аталған байқауда 18-35 жас аралығындағы 8 үміткер сайысқа түсті. Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар Прозалық шығармадан үзінді оқу - Қазақстанның белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу; Мәнерлеп өлең оқу – Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай, ақынның бір поэзиялық шығармасын мәнерлеп оқу сияқты кезеңдерден өтіп, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.

Байқау соңында қатысушылар аудан әкімі міндетін атқарушының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ, қалалық қазақ мектеп-лицейінің мұғалімі Жұман Ақжол Серікқазыұлы 1 орынды, қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі Қызыров Ерсін Мырзахметұлы 2 орынды, № 10 қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі Кикбаева Нұргүл Дәуітбекқызы 3 орынды жеңіп алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив