Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан «Жаһандық Оңтүстіктің дауысы» Саммиті аясындағы іс-шараға қатысты

18-11-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкардың шақыруымен 2-ші «Жаһандық Оңтүстіктің дауысы» Саммиті аясында өткен «Үндістан және Жаһандық Оңтүстік: кемел келешек жолында бірлесіп даму» тақырыбындағы министрлік кездесуінің виртуалды панельдік сессиясына қатысты.

Өз сөзінің басында ҚР СІМ басшысы Үндістанды биылғы жылы «Үлкен жиырмалықта» (G20) төрағалықтың сәтті аяқталуымен құттықтады. Астана мен Нью-Дели арасындағы стратегиялық әріптестікке, сондай-ақ Қазақстан мен Жаһандық Оңтүстік арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аудара отырып, М.Нұртілеу көліктік өзара байланысты дамыту және көлік бағыттарын әртараптандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, министр іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның жоғары технологиялар саласындағы экспорттаушы болу жоспарлары туралы хабардар етті. Осыған байланысты «Астана Хаб» технологиялық паркі Үндістан мен Жаһандық Оңтүстіктің сарапшылары үшін технологиялар мен инновациялар саласындағы өзара іс-қимылды арттыруда қолайлы платформа бола алады.

Сондай-ақ, қатысушылардың климаттық катаклизмдерге және Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Әлемдік қоғамдастықтың осындай проблемаларды шешуге тартылуының маңыздылығын ескере отырып, ҚР СІМ басшысы контр-серіктестерді 2026 жылы Қазақстанда өтетін БҰҰ Өңірлік Климаттық саммитіне қатысуға шақырды.

Министр М.Нұртілеу биологиялық қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған жаңа бірлескен шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасы туралы еске салып, оның мақсаты технологиялар трансферті және елдер арасында осы салада тәжірибе алмасу болатынын жеткізді.

Өз сөзінің соңында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан серіктестермен инклюзивтілік, көпжақты және ізгі ниет рухында ынтымақтасуға және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді шешуде бірлесіп әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

Кездесуге Азия, Африка және Океания атынан өкілдік ететін бірқатар мемлекеттердің премьер-министрлері мен сыртқы істер министрлері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив