Мұхтар Жәкенов ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің су саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Мұхтар Сейфоллаұлы Жәкенов ҚР СРИМ Су саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды.
Мұхтар Жәкенов 1961 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Көкшетау қаласының «Көкшетау су шаруашылығы» тресінде ПМК-31 жұмысшы болып бастады.
1986-1993 жылдары – «Көкшетаумелиорация» ҰЭО ПМК-31 прорабы;
1993-1996 жылдары – Су шаруашылығы жүйелері басқармасының басшысы;
1996-2001 жылдары — «Дос» пәтер иелері тұтыну кооперативінің төрағасы;
2001-2014 жылдары — Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау басқармасының басшысы;
2014 - 2020 жылдар аралығында Трансшекаралық өзендер департаменті директорының орынбасары, аталған департаменттің директоры, 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің халықаралық сарапшысы лауазымдарын атқарды.