Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар мекемелердің жұмысын жақсартуға ниетті

22-11-2023, 13:55 Сабина Әлібек

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға медициналық көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Қазақстанда патронаж қызметін ұйымдастыру бастапқы буын жұмысындағы маңызды бағыт болып табылады.  Елдегі балалар санының өсуін ескере отырып, патронаж қызметінің стандарттарын өзектендіру, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар бірінші орынға шығады.

 Патронаждық қызмет жұмысының нысаналы тобын 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар, жүкті әйелдер құрайды. Еліміздің балалар саны 6,6 миллионға жетті, оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар - 2 миллионнан астам.

ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, бүгінгі таңда балаларға амбулаториялық деңгейде негізгі көмекті учаскелік қызметпен бірлесіп баланы дамыту кабинеттері көрсетеді. МСАК патронаждық мейіргерлері барлық жүкті әйелдер мен балаларға 5 жасқа дейінгі әмбебап патронаждық бақылауды ұсынады, ол жүкті әйелге 2 пренаталдық патронаждан және балаларға үйде және МСАК қабылдауында 9 рет барудан тұрады.

М. Ембергенова атап өткендей, медициналық ұйымдарда патронаждық қызмет жұмысын талдауды ескере отырып, НҚА жетілдіру бойынша шаралар жоспарланған, онда қызметтің құрылымы, Штаттары, келу саны, патронаждық медбикелердің функционалдық міндеттері айқындалады және нормативтік бекітіледі.

Ақпаратты тыңдап, министр патронаж қызметі бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды, кадрлық әлеуетті нығайту, медперсоналды ынталандыру бойынша міндеттер қойды. 

Кеңестің күн тәртібіндегі екінші маңызды мәселе мектеп медицинасын дамыту болды. Бүгінгі таңда республикада мектеп жасындағы 3 436 608 оқушы, оларға медициналық қызмет көрсету үшін 6 713 медицина қызметкері, оның ішінде 202 дәрігер және 6 мыңнан астам мейіргер жұмылдырылған.

Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ елдік офисімен бірлесіп, мектептің денсаулық сақтау жүйесіндегі (МДЖ) ағымдағы жағдайға зерттеу жүргізді, қолданыстағы МДЖ тәжірибесін жақсарту жолдарын анықтау үшін осы саладағы Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестік дәрежесіне қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға талдау жасады.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда мектеп медицинасын дамыту үшін ДДҰ-ның бірқатар ұсынымдары берілді, олар оқушылардың профилактикалық тексерулерін жүргізу кезінде құпиялылықты қамтамасыз етуге бағытталған, оқушылардың медициналық қызметтеріне және МСАК қызметтерінің сабақтастығына біркелкі қол жеткізуді, мектептерді бір дәрігерге 1500-2000 оқушының есебінен дәрігерлермен (педиатр, жалпы практика дәрігері) толтыруды пайымдайды, МДЖ мамандарын оларға шынымен қажет медициналық қызметтерді ұсыну үшін жасөспірімдермен жұмыс істеудегі қосымша дағдылар мен құзыреттер, атап айтқанда, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке гигиена, жыныстық, психикалық және физикалық денсаулық мәселелерінде кәсіби кеңес беру дағдыларына оқытуды көздейді.

Негізгі ұсынымдардың бірі мектептегі медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандартын және МДЖ мамандарының біліктілік талаптары мен лауазымдық міндеттерін, жұмыс режимін, медициналық қызмет көрсету алгоритмдерін нақты регламенттей отырып, мектептің денсаулық сақтау персоналының құзыреттерін енгізу қажеттілігі болып табылады.

ДДҰ елдік офисінің ата-аналар жөніндегі кеңесшісі Ақбота Әбілдинаның айтуынша, МДЖ дамытудың міндетті шарты балалар мен олардың ата-аналарының сауықтыру мәселелеріне бірлесіп қатысуы, ата-аналар мен қоғамдастықтардың мектеп медицинасының жұмысы туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Алайда, бүгінгі таңда ата-аналар арасындағы әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей,  олардың тек жартысы ғана мектептегі медициналық пункттер туралы ақпарат алады, сондай-ақ МДЖ жүйесіндегі медициналық персоналдың үштен бірінен астамы жетекшілік ететін МСАК ұйымы тарапынан қолдаудың жоқтығын мойындады.

Мектеп медицинасының жұмысын талқылау қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көрсетілген медициналық қызметтер туралы SMS хабарлама арқылы ата-аналармен кері байланысты енгізуді, осы бағыттағы коммуникациялар бойынша оқушыларды оқытуды ұйымдастыруды тапсырды.

Ведомство басшысы мектеп мейіргерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын дайындау міндетін қойды, цифрландыру бөлігінде МАЖ-да мектеп медицинасының модулін дайындауды тапсырды.

Мектеп рационын дұрыстау бөлігінде министр Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сарапшылармен бірлесіп мектеп рационын - мейіргерлерді даярлау және оларды оқыту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Кеңеске қатысушылар сондай-ақ жастар денсаулық орталықтарының жұмысын, халықтың нысаналы топтары үшін медициналық көмекті жақсарту жоспарындағы проблемалық мәселелер мен даму перспективаларын талқылады.

ЮНФПА-ның Қазақстандағы жастар денсаулық орталықтарының дамуына қосқан үлесі туралы халықаралық ұйымның өкілі Серік Тәңірбергенов айтып берді. Осылайша, ЮНФПА қолдауымен нормативтік база қайта қаралды, орталықтардың жұмысы үшін оқу бағдарламалары әзірленді, оқыту және қайта даярлау арқылы жастар орталықтарының медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуеті күшейтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша министр республикалық МСАК орталығының деңгейінде жастар денсаулық орталықтарында жұмыс істейтін мейіргерлерді одан әрі даярлауды қамтамасыз етуді тапсырды.  Сондай-ақ, дұрыс тамақтану, семіздікті азайту, темекі шегу және т. б. сияқты салауатты өмір салты мәселелері бойынша жастармен профилактикалық жұмысты күшейту бойынша міндеттер қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив