Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

KPI - Қазақстанның мұнай-химия өнеркәсібінің тарихындағы шикізатты терең өңдейтін алғашқы ірі зауыт

24-11-2023, 10:27 Сабина Әлібек

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің топ-менеджменті Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) зауытының басшылығымен кездесті. KPI - Қазақстанның мұнай-химия өнеркәсібінің тарихындағы шикізатты терең өңдейтін алғашқы ірі зауыт.

Бұл кездесуде екі тарап үшін де стратегиялық маңызы бар мәселелер талқыланды. Кездесуде талқыланған мәселенің бірі Румыниядағы KMG Rompetrol компаниясының Петромидия мұнай-химия кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өткен студенттер үшін KPI кәсіпорнында дуалды оқыту мүмкіндігін қарастыру болды.

Кездесуде KPI тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша зауыт пен университеттің коррозия орталығы арасындағы ынтымақтастық мәселесі де талқыланды.

KPI зауытымен серіктестік университеттің ғана емес, өңірдегі мұнай-газ саласының да дамуына үлес қосады

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив