Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Тазаланбаған мұржа екі әйелдің ауруханаға түсуіне себеп болды

15-02-2023, 14:26 Думан Кенжеғазыұлы

Катонқарағай ауданында 2023 жылғы 14 ақпанда сағат 11:17-де жергілікті ауруханаға 1991 және 2003 жылы туған екі әйел түсіп, терапия бөлімшесіне жатқызылды. Белгілі болғандай, үйде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған пеш болған, нәтижесінде уақытында тазаланбаған мұржаның салдарынан жану газдары (СО-2 көміртегі тотығы) шыққан.

Бұған дейін ШҚО ТЖД қызметкерлері осы мекенжай бойынша 2022 жылдың желтоқсанында нұсқау берген болатын. Өңірде құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында және халыққа нұсқау беру үшін 168 000-нан астам үйді аралаған. Нәтижесінде жылыту жүйелерін тиісінше пайдаланбауға байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарының 21 000 бұзушылығы тіркелді. ТЖ қызметі мамандарының уақтылы профилактикасы мен түсіндірулерінің арқасында бүгінгі күні пештердегі 7900-ден астам бұзушылықтар жойылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 2500 - ден астам үйде Департамент Жергілікті атқарушы органдармен және демеушілермен бірлесіп тұрғын үй-жайларда қауіпті газдың шоғырлануы туралы белгі беретін арнайы улы газ датчиктері құрылғыларын орнатты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив