Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті

24-11-2023, 11:18 Сабина Әлібек

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың қатысуымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті.

Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов 2023 жылдың 9 айындағы жұмыс туралы есеп берді. Микро, шағын және орта бизнеске елеулі қолдау көрсетіліп, Холдингтің еншілес компанияларының қаржы құралдары арқылы 18,1 мың жобаға шамамен 1 трлн теңге берілді. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 447 млрд теңге бөлінді, бұл соманы жыл соңына дейін жарты триллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Комитетке 2020-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттен және холдингтің 2024 жылға арналған бюджетінен бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, отырыста холдингтің 2024-2026 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясы қаралды, ол заманауи цифрлық технологияларды енгізу арқылы холдингтің қызмет көрсету сапасын жақсартуды және бизнес-процестерін оңтайландыруды көздейді. Сонымен бірге, Комитет Тұрақты даму жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және Холдингтің 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив