Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

30 қараша 11:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

28-11-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

«Масс-медиа туралы» және оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда, ал мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша түзетулер екінші оқылымда қаралады.

Сондай-ақ білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша түзетулер мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да талқыланады.

Сонымен қатар депутаттар Сенат жаңа редакцияда ұсынған «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жекелеген баптарын қарайды.

Мәжіліс комитеттері құрылыс секторын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері, ғылым мәселелері бойынша түзетулерді, ЕАЭО туралы шартқа қатысты екі жаңа ратификациялық заң жобасын жұмысқа алады.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, «Хабар 24» және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив