Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары ант қабылдады

29-11-2023, 11:18 018.kz

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары тағы да толыға түсті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлңмдерінде жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады. Әскери ант қабылдау - сарбаз өміріндегі ұмытылмас оқиға. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Қарулы Күштер қатарына енер алдында әскери ант қабылдайды. Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, ардагерлер, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сарбаздардың ата-аналары қатысты. Әскери бөлімдерде еліміздің жан-жағынан келген 1000-нан астам сарбаз әскери ант қабылдады. «Отанды қорғау – ұлы міндет. Әскер – тәуелсіздіктің тірегі», - дейді жас сарбаздар. 

– Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Әскери бөлім бізге ұнады, барлық жағдай жасалған, келген күннен бастап командирлер білмегенімізді үйретіп, көмек көрсетуде. Отанға деген борышымды адал атқаруға барымызды саламыз, – деді қатардағы жауынгер Мұхамед Нұртай.

Айбынды армия, әлеуеті мықты ел әскерінің бүгінгі іс-шарасына сарбаздардың ата-аналары да қатысты. Балаларының ант қабылдаған сәтін тамашалаған ата-аналардың жүздерінен қуаныш сезімін көруге болады. 

– Бүгін біз баламыздың қуанышын көруге арнайы келдік. Баламның жағдайы жақсы екен. Кеше ғана шығарып салған бозбала еді. Бүгін сапта есейіп қалғандай.  Командирлерінің қамқорлығына алғыс айтамын. Отан үшін берген уәдесін орындап, елге абыроймен оралады деп сенемін, – деді сарбаздың әкесі Айбат Төреқұлов.

Бүгін әрбір сарбаз өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен сезінгені анық. Әскери ант қабылдау рәсімінен соң гарнизонның жас жауынгерлері салтанатты шерумен өтті. Сондай-ақ сарбаздар келген қонақтарға қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Осы жылы азаматтық борышын өтеп, Отан қорғау үшін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлңмдері қатарына 1000  аса әскери қызметші алынды. Енді олардың алдында қасиетті борыштарын абыроймен өтеу міндеті тұр. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы өз кезегінде сапалы қызмет ету үшін, сарбаздардың жаңа мамандықтарды игеруі, спортпен жүйелі түрде айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив