Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Жеңілдетілген несие бойынша кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан кепілдеме беріледі

29-11-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Кепілдеме несие сомасына байланысты болады. Бұл туралы Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

«Егер кәсіпкер 360 млн теңгеге дейін алса, кепілдік мөлшері несие сомасының 85%, 600 млн дейін алса, несие сомасының 70%, 1 млрд теңгеге дейін алса, несие сомасының 50% құрайды», - деді спикер.

Бұдан басқа, микронесие беру мемлекеттік қолдау құралы бар. Бұл әсіресе шағын кәсіпкерлерге өте қажетті құрал, яғни инвестициялық мақсатта кәсіпкерлерге 20 млн теңгеге дейін, ал айналым қаражатына, яғни шикізат сатып алуға 5 млн теңгеге дейін 8%-бен, ауылдық жерлерде 7%-бен несие беріледі.

Бұл құралдың артықшылығы 5 млн дейінгі несие бұл кепілдемесіз беріледі. Бұдан басқа, мемлекеттен қайтарымсыз грант бар 5 млн дейін. Бұл құралды жергілікті әкімдіктер үйлестірушісі болып табылады, солар арқылы жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив