Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

Кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие құрал - субсидиялау

29-11-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық экономика министрлігі «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалардың үйлестірушісі болып табылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабековтың айтуынша, субсидиялау арқылы жеңілдетілген несие, ішінара кепілдеме және қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру, ақпараттық-консультациялық қызметтер, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, іскерлік байланыстар, кәсіптік оқыту сияқты қаржылық емес қолдау түрлері жүзеге асырылады.

«Субсидиялау – сұранысқа ие құрал. Ол жеңілдетілген несие алуға бағытталған. Яғни кәсіпкер 21%-бен несие алса, оның 13%-ы субсидияланып, 8%-бен, ауылдық жерлерде 7%-бен жеңілдетілген несие беріледі. Жеңілдетілген несие 3 млрд теңгеге дейін 5 жылға беріледі. Бұдан басқа, субсидия «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасында да бар. Несиелер 8%-бен, қызметтер саласына 10%-бен 5 жылға дейін беріледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив