Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Әскери қызмет өткеру қағидалары туралы Президент Жарлығының жобасы бекітіледі

29-11-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Мемлекет басшысы Жарлығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды.

Жарлық жобасында әскери қызметшіге бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу мерзімдерін құқықтық регламенттеу бөлігінде, сондай-ақ заңнамаға қайшылықтарды болдырмау мақсатында өзгерістер мен толықтырулар ұсынылады.

Нормативтік құқықтық актіде іссапарға жіберу рәсімін ретке келтіруге, әскери атақтар беру тәртібін нақтылауға, әскери атақтар бойынша жалақыларды, материалдық көмекті, сыйлықақыларды және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында қызмет өткеретін әскери қызметшілерге заңнамада көзделген басқа да өтемақы төлемдерін төлеуге бағытталған нормалар да жазылған.

Президент Жарлығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 12 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14818476

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив