Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Балалар қауіпсіздігі үшін терезелердің сыртын қауіпсіздік құлыптарымен жабдықтау міндеттеледі

30-11-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заңды қабылдады. Мақсаты – білім беру саласындағы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы кешенді жетілдіру.

Заң жобасында сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу, ата-аналарға электронды жүйелер арқылы бағалар мен үй тапсырмаларын тегін қарауға мүмкіндік беру, бірінші сыныпқа тестілеусіз қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезек жүйесін енгізу қарастырылған.

Білім сапасын арттыру мақсатында әкімдіктерге білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оларды 5 жыл сайын апаттық тексерістен өткізу сынды жаңа функциялар қосылады.

Түзетулерге сәйкес кәмелетке толған азаматтар жетім балаларға тәлімгер бола алады. Тәлімгерлердің талаптары, құқықтары мен міндеттері заң жобасында белгіленеді. Сондай-ақ балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен терезелердің сыртын қауіпсіздік құлыптарымен жабдықтау міндеттеледі. Денсаулық сақтау және білім беру объектілерімен қамтылмаса, көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға тыйым салатын нормалар көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив