Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Азаматтардың саусақ ізін тіркеу ерікті түрде жүргізіледі

30-11-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдап, Сенатқа жолдады. 

Түзетулерге сәйкес серіктестік ұйымдар мен келісімдер институты енгізіледі. Бүгінде пилоттық режимде ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелерінде фронт-офистер табысты жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік қызметтер банктік қосымшаларда қол жетімді. 

Заң бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі екіге бөлінеді. Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетеді, ал нәтижелерді қабылдау мен беруді мемлекеттік органдар дербес немесе әріптестік ұйымдар арқылы жүзеге асыра алады.

Құжаттарды алған кезде Қазақстан азаматтарының саусақ ізін тіркеу міндеттілігі алынып тасталады. Яғни, олар тіркеуден өз еркімен өте алады. Бұл ретте саусақ ізі шетелдік азаматтар үшін міндетті болады.

Сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін Қазақстан аумағындағы тіркеу органдарына жеке өтініш беру талабы енгізіледі. Бұрын олар мұны елге келмей-ақ сенімхат бойынша жасай алатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив