Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының студенті ас мәзірі бар қосымша ойлап тапты

1-12-2023, 10:09 018.kz

Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің 4 – курс студенті Досжан Даниярұлы ас мәзірі бар мобильді қосымша жасады. «Time to cook»  деп аталатын қосымша ас әзірлеуде кез келген адамға көмекші құрал ретінде пайдалануға арналған. 12 түрлі интерфейс пен 3 топты қамтиды. Android-та жүктеп, қолданбадағы рецепттерге офлайн режимде қол жеткізуге болады.

Басты мәзірде тағам атаулары берілген, сондай-ақ іздеу батырмасы арқылы кез келген ас түрі табылады. Мәзірде таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және сусын түрлерінен таңдау бар. Сондай-ақ тағамды әзірлеу уақыты да көрсетілген, құрамына қосатын өнімдер жазылған. Жиыны 20 шақты тағам түрлері мәзірге енгізілген. 

Жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Пакизат Ерболатовна. 

Қосымшаны дайындау үшін 64 таңбаны қолданатын деректерді кодтау әдісін пайдаланған. Ол компьютерлік жүйелерде мәтін, сурет, аудио және басқа дерек түрлерін қамтитын ақпаратты беру, сақтау немесе бөлісу үшін кеңінен қолданылады. 

Пайдаланушыға жеке профильдерін тіркеуге ыңғайлы тетік бар. Әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде рецепттер мен тағам дайындау нәтижелерін бөлісу мүмкіндігі қосылған. Қосымшаны кең аудиторияға қол жетімді ету үшін болашақта әртүрлі тілдерге локализациялауды жоспарлап отыр.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив