Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

6%- ға дейінгі жеңілдетілген несиеге қатысты жиын өтті

1-12-2023, 15:23 Сабина Әлібек

Үкіметте өткен кеңесте АӨК қаржы институттарының (Қазақстанның Даму Банкі, Аграрлық несие корпорациясы, «Бәйтерек» ҰБХ) және Halyk Bank басшылары жеңілдетілген қаржыландыру үшін агрожобалардың басым бағыттары және кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі туралы уағдаласты. Кездесу ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өтті.

Уағдаластық мақсаты шаруалар үшін сыйақының 6%-дан аспайтын түпкілікті мөлшерлемесі және ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік саясатының талаптарына жауап беретін жобаларды үздіксіз қаржыландыру.

Halyk Bank АӨК саласындағы жобаларды қаржыландыруға үкіметпен және Бәйтерек Холдингімен бірлесіп, мемлекеттік субсидиялар бөлуге қатысуға дайын. Кеңесте Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова атап өткендей, банк мемлекеттік қолдаудың бағытын бірінші кезекте терең өңдеуге ауыстыру туралы шешімді қолдайды, Үкіметтің АӨК саласындағы бастамаларын белсенді қолдауға қатыспақ.

Қазақстанның Даму Банкі мен Аграрлық несие корпорациясының басшылары ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына жауап беретін жобалар үшін екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп қаржыландыруды, синдикаттауды қарауға дайын екендіктерін растады.

«Ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттары негізінен қазақстандықтардың азық-түлік қоржынымен айқындалған. Бұл тұтыну шығындарының жартысын құрайтын тауарлардың алты негізгі тобы: ет (17%), нан және Жарма (8%), сүт өнімдері (5%), көкөністер (4%), жемістер (4%), қант және кондитерлік өнімдер (3,6%). Сондықтан біздің міндетіміз – бұл өнімдерді елде өндіруді қамтамасыз ету және тұтынушы үшін олардың бағасын төмендету. Осы мақсатта мемлекетті жеңілдікпен қаржыландыру бірінші кезекте сүт-тауар фермаларын, көкөніс қоймаларын салу, мал шаруашылығын дамыту, суару, дәнді дақылдарды, етті, жемістер мен көкөністерді өңдеу жөніндегі жобаларға қолдау көрсетеді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрайтын АӨК саласында қайта өңдеудің 500 әлеуетті жобасының пулы қалыптастырылды. Жеңілдетілген қаржыландыруға үміткерлердің әрбір жобасы көптеген талаптар сүзгісінен өтеді, соның ішінде қарыз алушы кәсіпорын моделінің бизнес тұрақтылығы және оның іскерлік қабілеті ескеріледі.

Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Алдағы үш жылда жалпы негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін – АӨК жалпы өнімінің көлемін 2,6 трлн теңгеге және АӨК-те қайта өңделген өнім көлемін 30% - дан 70% - ға дейін ұлғайту үшін перспективалы жаңа жобалармен толықтырылатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив