Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

2-12-2023, 13:10 Сабина Әлібек

Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.

«Ауыл – Ел бесігі» аясында республикалық бюджеттен мынадай салалардағы жобалар қаржыландырылады:

білім беру (мектептердің жапсаржайлары, мектептер мен балабақшаларды реконструкциялау)

денсаулық сақтау (алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілері)

инженерлік инфрақұрылым (су, жылу, газ, электр желілері, жылу, электр нысандары және жабдықтар)

көлік инфрақұрылымы (кентішілік жолдар, көшелерді жарықтандыру)

мәдениет (клубтар, мәдениет үйлері, мұражайлар (музейлер), кітапханалар)

спорт (дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері және спорт нысандары)

әлеуметтік қамсыздандыру (балаларды оңалту орталықтары)

Бүгінде елімізде 6 286 ауылдық елді мекен бар

Даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктеліп алынды, онда ауыл тұрғындарының 93%-ы тұрады

2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд. теңге бөлініп, 3,7 мың жоба жүзеге асырылды

Жаңғыртылды:

334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысан 

1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысандары

2,2 мыңнан астам көлік инфрақұрылымының жобасы

2023 жылы 771 ауылда 200 млрд. теңге көлеміндегі сомаға 1,8 мың жобаны іске асыру жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында – 244 жоба

Әлеуметтік саладағы инфрақұрылым – 383

Көлік инфрақұрылым саласында – 1 157 

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 7 есеге артты.

Бұған дейін ҰЭМ «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында 2019-2022 жылдары іске асырылған объектілердің толық тізімін жариялады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив