Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Назгүл Сағындықова Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Личпен кездесті

2-12-2023, 14:59 Сабина Әлібек

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді, онда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Назгүл Сағындықова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің барша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, ведомствоның қысқа мерзімді және орта мерзімді басымдықтары туралы айтып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау шараларына толық тоқталды.

Ол әрбір қазақстандықтың туғаннан бастап қартайғанға дейінгі базалық әлеуметтік құқықтарын белгілейтін жаңа Әлеуметтік кодексті қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Вице-министр осы жылы мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті болдырмау жөніндегі нормалар заңнамалық деңгейде бекітілгенін, сондай-ақ Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялағанын жеткізді.

Сонымен қатар, Назгүл Сағындықова 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспардың іске асырылу барысы және басқа да қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Өз кезегінде Кэти Лич Қазақстан Үкіметінің ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау саласында жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалап, осы бағыттағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын қарастыруды ұсынды, сондай-ақ Ұлыбританияның мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау және оларды қолдау жөніндегі стратегиясының ерекшеліктері туралы айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив