Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Келер жыл Семей футболы КПЛ ойындарымен ғана шектелмейді

1-12-2023, 17:26 018.kz

Семей қаласы облыс мәртебесін алғалы бері бұқаралық спорт түрі кең көлемде даму үстінде. Оған дәлел қайта жалауын желбіреткен Елімай футбол клубының еңсесін тіктеуі. Қазірдің өзінде жастардың жаппай футболға қызығуы үшін КПЛ-ден бөлек Екінші лига, QJ league сынды турнирлерге қатысу үшін жерілікті дарындыларға үлкен мүмкіндік туып тұр. Биылдың өзінде «Елімай» футбол орталығында 370 жасөспірім футболмен айналысып кәсіби жаттықтырушылардан тәлім алды. Семейлік жасөспірімдер футболмен еркін айналысу үшін 4 жасыл алаң қолданысқа берілді. 

Келер жылы тек қалада емес әрбір аудандар мен ауылдарда филилалдар ашылып бұқаралық спорт түрін дамыту бойынша бірқатар жоспарлар әзірленуде. Бұл туралы Alikhan Bokeikhan University-дің конференция залында ҚФФ ресми өкілі Асқар Ұранхаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста аталып өтілді. 

ҚФФ 110 жылдығына орай алғыс хатымен қазақ футболының отанына еңбегі сіңген жандар марапатталды әрі Елімайдың бірінші лиганы бірінші орынмен аяқтауына ат салысқан серіктерімізге клуб атынан арнайы алғыс  хаттар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив