Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан экологиялық саладағы ынтымақтастықты халықаралық қоғамдастықпен нығайтуда

15-02-2023, 19:01 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Жаһандық жасыл өсу институтының (GGGI) Бас директоры Франк Райсберман бастаған ҚР-ға келген делегациясын қабылдады. GGGI ресми делегациясы Қазақстан ресми түрде 2022 жылдың желтоқсанында Ұйымның 45-ші мүшесі атанған соң елімізге алғаш рет сапар жасауда.

Келіссөздер барысында тараптар жаһандық климаттық күн тәртібі туралы пікір алмасып, климат өзгеруінің Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің орнықты дамуына әсерін толығырақ талқылады.

Бірінші кездесу аясында GGGI Бас директоры Ұйымның қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, басқа елдердегі ынтымақтастық тетіктері мен іске асырылып жатқан жобалары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Қ. Омаров «Kazakh Invest» платформасы және «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы жасыл инвестицияларды тартуды қоса алғанда, экология және орнықты даму саласындағы қазақстандық бастамалар туралы хабардар етті. «Біздің еліміз GGGI-мен жемісті ынтымақтастықты дамыту үшін барлық қажетті мүмкіндіктерге ие және біз су ресурстарын басқару, қалдықтармен жұмыс істеу, декарбонизация және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша серпінді жасыл жобаларды іске асыруға үміттенеміз», – деді қазақстандық дипломат.

Ф. Райсберман ҚР басшылығының белсенді климаттық ұстанымын жоғары бағалап, болашақ бірлескен жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен консультацияларды жалғастыруға ниет білдірді. Қорытындылай келе, GGGI өкілі жақын арада Қазақстанда Ұйымның елдік кеңсесін – өкілдігін ашу жоспарлары туралы хабардар етті.

Анықтама: Жаһандық жасыл өсу институты (Global Green Growth Institute – GGGI) халықаралық ұйымының негізгі қызметі жасыл экономиканы дамыту жөніндегі жобаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ тиімді инвестицияларды, инновацияларды тарту, өндіріс пен тұтынуды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында зерттеулер жүргізу арқылы дамушы елдердің тұрақты дамуы мен жасыл өсуіне жәрдемдесу болып табылады.

Ұйым 2010 жылы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен құрылған. Штаб-пәтері Корея Республикасының Сеул қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта GGGI әлемнің 30-дан астам елінде 54 жобаны жүзеге асыруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив