Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

«Рухани қазына - 2023» республикалық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

2-12-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлері арасында жыл сайынғы «Рухани қазына – 2023» Республикалық фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның фестиваль қатысушыларына арналған құттықтау хатын вице-министр Арман Жүдебаев оқыды.

«Мәдениетімізді асқақтату, осы саланың мамандарының мерейін үстем ету мақсатындағы «Рухани қазына» фестивалі ұлттық мұралар ұлықталатын алаң! Осы фестивалге қатысқан барлық қатысушыларға ризашылығымды білдіріп, әділ-қазылар алқасына зор алғыс айтамын. Биыл кітапхана саласы бойынша - 78, музей саласы бойынша - 25, мәдени-демалыс ұйымдарынан – 70 өтінім келіп түсті. Әр өтінім бойынша түскен еңбектер егжей-тегжейлі қарастырылып, әділ-қазылар тарапынан толығымен іріктеліп, талданды», - делінген құттықтау хатта.

Фестивалге қатысуға түскен барлық өтінімдердің ішінен 29 жұмыс іріктелді. «Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы құрметіне» арнайы номинациясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жеңімпаз атанды. «Тахауи Ахтановтың 100 жылдығы құрметіне» арнайы номинациясында Ақтөбе облысы С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы үздік атанды. Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Әл-фараби атындағы Мәдениет үйі» «Үздік креативті ойын-сауық мәдени жоба» арнайы номинациясының иегері атанды.

Сондай-ақ, ең үздіктер қатарында ауыл, аудан, облыстық деңгейдегі мұражайлар, кітапханалар мен клубтар, мәдениет үйлерінің қызметкерлері бар.

Жеңімпаздарға дипломдар, номинация атауы бар арнайы панно, сондай-ақ ақшалай сыйақылар табысталды. Арнайы номинациялардың иегерлері 300 000 теңге, үздік қызметкерлер 500 000 теңге, үздік ұйымдар 1 000 000 теңгеден қаржылай сыйақы алды.

Сонымен қатар, мәдениет саласын дамытуға ерекше үлес қосқан 10 мәдениет қызметкері «Мәдениет саласының үздігі» ведомстволық наградасына ие болды. 

«Рухани қазына – 2023» республикалық фестивалінің жеңімпаздары

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив