Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

15-11-2023, 19:11 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ұлттық валютамыз - теңгенің айналымға енген күніне орай арнайы жиын өткізіп, Семей қаласының қаржы бөлімінің мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жиында сөз алған Нұрбол Нұрсағатов:- «Семей қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінде өте білікті мамандар жұмыстар атқарнуда. Еліміз бойынша Абай облысы қаржы игеру жағынан көш бастап тұр. Бұған сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер»-деп ізгі ниетін білдірді.

Жиын барысында қала әкімі қаржы саласының дамуына үлес қосқан бірқатар сала қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаттары мен қала әкімінің құрмет грамоталарын тапсырды. Сондай-ақ, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен қаржы бөлімінің бастығы А. Омарова, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі А. Толымхановқа табысталды.

Өз кезегінде қаржы саласының қызметкерлері де ризашылықтарын білдіріп, әріптестерін мерекелерімен құттықтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив