Жеті тілді жетік білетін жауынгер
Жеті тілді жетік білетін сарбаз Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді. Бағжан Болатұлы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөліміне Алматы қаласынан шақырылыпты. Шет тілдеріне деген қызығушылығы музыка тыңдаудан басталған азамат студенттік жылдарын Түркияда өткізген.
Полиглот мерзімді қызметін өткергеннен кейін әрімен қарай әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызметке тұрмақ. Жауынгер әскери салада жүріп те шет тілін игере беруге мүмкіндік барын алға тартады. Сондай-ақ, қатардағы сарбаз лингвистикалық біліміне зейін қойған қаруластарына кеңес беріп, жол нұсқаудан еш тайынған емес.
Бағжан алдағы уақытта жапон, парсы тілдерін үйренсем дейді. Ол үшін жеке қойын дәптер де бастап қойыпты. Он тілден артық тіл меңгеремін деп жүйелі жоспар құрған талапты жас үшін ана тілінің орыны бөлек. Азамат өзге тілге бет бұрмас бұрын, алдымен бойыңа ана сүтімен дарыған қазақ тілін сіңіріп алу керек деп есептейді.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі