Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

Кәсіпкерлерге 2024 жылға жалпыға бірдей декларациялау қағидалары түсіндіріледі

5-12-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Салық кодексіне сәйкес 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға қарай мынадай статустағы тұлғалар тапсыруы тиіс:

- заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшысы және олардың жұбайы;

- жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы.

  Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылдың 8 желтоқсанында сағат 11.00-де (Астана қ. уақытымен) Мемлекеттік кірістер комитеті және Учет.kz порталымен бірлесіп, жалпыға бірдей декларациялау бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша  семинар өткізеді.

 Жоғарыда аталған тақырыпқа қатысты сұрақтарды 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін мына электрон поштаға жіберуді сұраймыз: a.moldagaliyeva@atameken.kz.

Сонымен қатар семинарда Учёт.kz порталының оқырмандары сұрақтарын қояды.

Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе онлайн форматта мына zoom-сілтеме арқылы қатысуға болады:

Семинарды Учёт.kz порталында мына сілтеме арқылы онлайн көруге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив