Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Педагог мамандарды даярлау – үкімет назарында

6-12-2023, 12:17 SHAKARIM UNIVERSITY

Педагог мамандарды даярлау аса маңызды, құрметті, қызықты, жауапкершілікті іс және оның кезек күттірмейтін мәселелер қатарына жататыны даусыз. Елімізде барлық салада қарқынды өтіп жатқан өзгерістердің білім сапасына тікелей әсерін тигізері хақ. Сондықтан, білім беру мазмұнына жаңа көзқарастар, жаңа қадамдар мен даму бағыттары ендіріліп, педагогикалық мамандар даярлау сапасына баса көңіл бөлініп, ол үкімет деңгейінде де талқыланып отыр.  5-ші желтоқсан күнгі үкіметтің отырысында еліміздегі педагог мамандарды даярлау күн тәртібіндегі сұрақтар қатарынан орын алып, жан-жақты сараланды. Бүгінгі күні педагогикалық мамандықтарға қатысты өзекті мәселелердің әр уақытта айтылып, шешіліп жатқаны да осы мамандық иелерінің мәртебесінің артуына әсерін тигізіп отыр.

Үкімет басшысының еліміздегі педагогтарды даярлауда олардың беделі мен мәртебесін арттыру үшін оның заңнамалық тұрғыдан да қорғалып жатқанын айта келе, қазір назар аударуды қажет ететін бірқатар жайттарды нақты атап бергенін айту керек. Мәселен: педагогтың кәсіптік шеберлігі, оларды даярлаудың заманауи тәсілдерінің болуы, білім алушыларды оқыту әдістемесін жетілдіру, білім беру бағдарламаларын сұранысқа сай жаңарту. Болашақ педагогтардың заманауи қоғамға қажетті құзыреттіліктерге ие болуы негізгі міндеттердің бірі болуы қажет деп атап көрсетті. Осындай маңызды міндеттерді айқындай келе, үкімет басшысы мемлекеттің мұғалім мамандығын қалайтын жастарды қолдайтынын жеткізді.  Әлбетте, бұл осы мамандықтың құндылығын арттыра түседі. Олай дейтініміз, болашақ мамандар даярлығының сапасы еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына, сонымен қатар өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізеді. Демек, қазіргі жастардың мұғалімдік кәсіпті шынайы таңдауы және сол мамандықтың маңыздылығын түсінуі ғана нәтижеге жеткізеді.

Әлбетте, бұл педагогикалық бағыттағы мамандықтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттырып,  оқытушылардың кәсіби шеберлігін, практикалық іс-әрекеттерін басты орынға қояды. Жоғарыда айтылған аталмыш маңызды міндеттерді іске асыруда білім беру бағдарламаларының негізгі тұтынушылары болып табылатын білім алушылар мен жұмыс берушілердің сұранысы мен пікірін басты назарда ұстай отыра, заманауи құзыретті маманның қалыптасуы үшін балабақша-мектеп-колледж-ЖОО байланысын серпілтіп, болашақ педагогтарды даярлауды қамтамасыз ететін  «орта» ретінде біріккен жұмысты күшейткен жағдайда нәтижелі істерге қол жеткіземіз.

Айтпағымыз, педагогтік кәсіп ол жойылып кетпейтін, тек үнемі дамып, жетілдіруді қажет ететін мамандық және бұл мамандық иесінің алдынан өмірдегі барлық мамандық иелері білім алып, болашаққа бастау алады, сондықтан осы мәселенің үкімет отырысында талқылануы аса орынды деп есептейміз.

Алма Едігенова

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив