Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Бесқарағайда Абай облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыстық әйелдер форумы өтті

7-12-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында елдің қоғамдық және әлеуметтік-саяси өміріндегі әйелдің рөлі талқыланды. Ауқымды форум қойнауы қарағайлы Бесқарағай ауданында өтті. Оған 100-ге жуық әйел қатысты. 

Қазіргі таңда облыс бойынша әйелдер қауымы барлық салада еңбек етуде. Бүгінгі форумда олардың аттары аталып, өңірдің дамуына ерекше үлес қосқан, өз саласында жетістікке жеткен бір топ нәзік жандыларға Абай облысының әкімі Н. Ұранхаевтың алғыс хаттары табысталды. 

Шараға арнайы Абай облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары  А. Жемагулов, Абай облысы мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Р. Молдашева және «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы С. Ысқақов пен Абай облысының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары А. Нұрлыбек қатысты.

«Бүгінгі форумның баршамыз үшін маңызы зор. Өйткені, аяулы аруларымыздың жетістіктері бүкіл халықтың мерейі. Бүгінде еліміздің қыз келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Бұл еңбекқорлық пен іскерліктің айқын көрінісі. Бірнеше жыл ішінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлі тұрақты түрде артып келеді. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытуда әйелдердің рөлі ерекше. Жалпы әйелдердің барлық салада қызмет етіп жатқаны көңіл қуантады»,- дейді Абай облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов.

Биыл облысымызда алғаш рет өткізілген форумға батыр аналар, аудандардың әр саласында қызмет етіп жүрген әйел-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Сондай-ақ, форум шеңберінде Бесқарағай ауданы кәсіпкерлері өз қолдарынан шыққан түрлі бұйымдар мен өнімдерін көрмеге қойды. 

Бұдан бөлек, шара барысында спикерлердің тақырып аясында баяндамалары тыңдалды. «AMANAT» партиясының әйелдерді қолдау шаралары, әйелдерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары туралы, ауылдық елді-мекендерді дамытуда әйелдердің рөлі және тағы басқа да тақырыптарда мамандар ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. 

Сонымен қатар, бүгінгі форумда денсаулық тақырыбы да қозғалды. Бұл туралы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологі Б. Жакупова әйелдердің денсаулығын қорғау шаралары мен ана мен бала денсаулығы туралы айтып берді. 

Өз кезегінде форумға қатысушылар бірнеше алаңға бөлініп арнайы шақырылған қонақтардың өзін-өзі дамыту, кәсіп ашу, денсаулықты күту мен жеке өмірге қатысты ұйымдастырылған тренингке қатысты.

Тренинг спикерлерінің қатарында саяси өкілеттіктер мен көшбасшылық қабілеттердің жаттықтырушысы А. Самиева, бизнес-тренер Е. Николаевна, жас кәсіпкер М. Еділбекова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ш. Жанаева, Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Э. Жүнісова және жеке кәсіпкер А. Ақпекова сынды облысымыздың көшбасшы арулары бар. 

«Абай облысы құрылғалы бері аз ғана уақыт өтті. Дегенмен, біршама ауқымды, үлкен шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі бүгінгі Абай облыстық әйелдер форумы. Бүгінгі форумда сан салалы сұрақтар көтерілді. Кейінгі кездегі тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі, балалардың құқығының қорғалу жағдайы, кәсіпкерлікпен айналысу, оған қатысты қандай заңдамалар бар, осылардың барлығы бүгінгі отырыста кеңінен талқыланды. Бүгінгі отырысқа қатысқан әрбір әйел адам өзіне көп мәлімет алды деп ойлаймын», -  деді Шағангүл Алдамжарқызы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив