Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығына барды

7-12-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығын аралап көрді.

Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.

Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив