Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.4 539.39 6.07

Мадияр Қожахмет ҮЕҰ өкілдерімен кездесу

16-02-2023, 12:14 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Алматыда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Іс-шараға 20-дан астам ҮЕҰ басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні қалада 4 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, бұл еліміздегі екінші сектордың 19%-ы. Оның ішінде қоғамдық қорлар – 1519, қоғамдық ұйымдар – 2114, жеке қорлар – 336, ЗТБ – 94.

Жиын барысында М.Қожахмет қатысушыларды министрліктің назарында тұрған «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ҮЕҰ қолдау шаралары туралы, қайырымдылық, волонтерлік және медиация саласындағы өзгерістер жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив